Ауылда ағам бар, бір басына бес, алты кредиті бар. Үйдің жағдайы мәз емес, бала-шағасы қалай болса солай өсіп жатыр. Соларға қарап ой  келді "неге біздің халықтың жағдайы сондай қиын" деген.

?? Сезім келіп,

?#басшылардұрысемес,

? #жемқорлық деген ойларды қоздырып қуып кетті.?‍♂️

Сосын ақылға салып, сол қиналып жатқан ағамның жастық шағын есіме түсірдім.

⠀  Бос уақыты өте көп болатын, ішімдікті әдетке айналдырған болатын. Сол ағамның #кләстасы болатын. Жастық шағында тынбай еңбек ететін. Біздің #братан болса оған "ӨЗБЕК" деп күлетіні есіме түсті. Ал қазір сол класстасының

жағдайы?. Біздің  ағамыздың түріне қарасаң жаның ашиды.

Бірақ сол ағамыздың ағайын, бауырлары қаншама рет қарызын төлеп берді, әйелі үйіне кетіп қалғанда ағалары жеңгемнің әкесі мен шешесінің қасында басын иіп, кешірім сұрап, жеңгемді бірнеше рет үйге қайтарған болатын. Бірақ ағамыз ешқандай қиыншылықтан сабақ алған жоқ еді.  Өйткені айналасында қаншама жаны ашитын адамдардың бар екенін білетін. Сондықтан ішімдігін, құйтырқы мінезін жалғастыра берді.

 Ағамның өз-өзіне зұлымдық жасағанын көре тұра, ағалары оған жаны ашып, оның орнына проблемаларын шешіп беріп, оған жеңілдік жасау арқылы үлкен қастандық жасады.

Негізінде  ішімдік, жалқаулық, менмендік ағамның өміріне өте көп зияндар алып келген болатын. Бірақ ағам оны сезінген жоқ. Өйткені ағалары ағамның басына келген қиыншылыққа қалқан болып,  ағама сездірген жоқ.  Нәтижеде ағам отыз жаста есін жинауына мүмкіндігі бар еді, бірақ жаны ашыр ағаларының арқасында қырық бестен асып бойдан күш кеткенде есін жинап жатыр. Өткенде қалаға келді. Сөйлесіп отырсам, "Ей, қолымды мезгілінен кеш сермедім" деп күнін санап отыр.

@aman.jumadillauly