... ҚҰНЫН ЕШКІМ ТӨЛЕЙ АЛМАЙДЫ...
Источник: @aman.jumadillauly

Жұмыста қызметкерлермен

бес минуттық жиналыс болып жатқан. Есік ашылды, жиырма адам бірден есікке қарады, есікті ашқан менің келіншегім, менде бір түрлі болып қалдым, өйткені: келіншегімді он күнге ауылға жіберген едім. Өткізіп жатқан жиналыс ортадан үзіліп, үнсіздік болып, бәрі менің келіншегіме қарап тұр. Келіншегім сұқтана қараған көздерден ыңғайсызданып, не істерін білмей маған қарап тұр.

Мен - кел! дедім.

Ол сағынған болар, айналасында қарап тұрған жиырма адамға пысқырғанда жоқ, жүгіріп келіп мені құшақтады. Қызметкерлердің көздері шығып кетейін деп маған қарап тұр. Ал келіншегім болса, мені құшақтап алған жіберетін түрі жоқ. Келіншегімнің маңдайынан иіскеп тұрып, даусымды шығарып.

- Ал, мен сені біздің әріптестермен таныстырайын! - деп жүзін көпшілікке қараттым. -Құрметті достар, мына керемет нәзік жан менің – келіншегім, таныс болыңыздар ! Сосын келіншегіме қарап:

- Бізде жиналыс болып жатыр ,біздің бөлмеде отыра тұр! жиналыс біткен соң асықпай сөйлесеміз жарайма? Әріптестердің ішінен бір қыз

- Келіншегіңіз қай жерде, қандай жұмыс істейді, білсек бола ма ағай?: деді .

- Менің келіншегім дәл қәзір ең қасиетті мекенде, адамзат тарихында құнын ешкім төлей алмаған жұмысты істеп жатыр.

Келіншегім маған күліп қарады. Сұрақ қойған қыз:

- Ағай кешірім сұраймын, ол қандай мекен? Құнын ешкім төлей алмайтын не жұмыс ол?

- Қасиетті мекен - менің шаңырағым!

Құнын ешкім төлей алмайтын жұмыс ол - менің ұл мен қыздарымның тәрбиесімен айналысу.