Қала тұрғындарының назарына! Карантинде көшеде жүру тәртібі өзгерді
Қызылорда облысында індеттің белең алуына орай, жаңа қаулы қабылданды. Тұрғындар мына өзгерістерден хабардар болуы керек:
  1. Кешкі 21.00 ден таңғы 06.00 ге дейін қалада жүруге тыйым салынды
  2. Азық-түлік дүкендері, сауда үйлері 10.00 ден 18.00 ге дейін жұмыс жасайды
  3. «Ақмешіт — Мерей» , «Шанхай», «Аспалы көпір» , «Тасбөгет» кенттерінің тұрғындары патрульдік полицияның қадағалауымен ғана қала аумағына кіре алады. Сонда әр үйден бір адам қажеттілікпен ғана шыға алады.
  4. Дәріханалардың жұмысына шектеу жоқ
  5. 55 жастан асқан тұрғындар мен жасөспірімдерге көшеде жүруге тыйым салынады
  6. Қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 20.00-ге дейін күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар арқылы жүре алады
  7. Тұрғындар көшеде енді бетпердесіз жүре алмайды
Облыстың бас санитары қабылдаған жаңа қаулы 7 сәуірден 21-ші сәуірге дейін ұзартылды.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов және сала басшылары мәлімдеді.