Қазақстандықтар 42 500 теңгені алу үшін үйден отырып шот аша алады

«Қазпошта» АҚ таяуда әлеуметтік төлем үшін шотты онлайн ашу және виртуалды карта шығару қызметін іске қосады. Бұл туралы компанияның басқарма басшысы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.

«Біз қазір азаматтарға қолайлы болу үшін post.kz порталында жәрдемақыға арналған шотты онлайн ашу және виртуалды карта шығару қызметін іске қосу мәселесін пысықтап жатырмыз», – деді ол онлайн брифингте.

Ол бұл бағдарлама халыққа пошта бөлімшесіне бармай-ақ, шотты үйде ашып, карта алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа қызметтің қашан іске қосылатыны таяуда хабарланады.