Фейсбуктағы коммент қарын тойғызбайды - Нұрлан Жанай
Фейсбуктағы коммент қарын тойғызбайды - Нұрлан Жанай
"Онлайн білім алыңдар. Интернеттегі саудамен айналысыңдар. Қашықтан фрилансер ретінде жұмыс істеуді үйреніңдер, жалпы әлеуметтік желілер ақша жасауға таптырмас құрал деп айтып жүргенімізге 7-8 жыл болса да, дәл осы Фейсбук тұрғындары құлақ аспады. Тек лайк пен комменттен ары аса алмаймыз. Сынап-мінеп, мазақ қылудан мастерміз де, іске келгенде жағдай мүшкіл.

Қазіргі жағдай онлайнға өту, IT, инфраструктура жағынан мемлекеттің де, халықтың да біраз жерін ашып тастады. Цифровизация, диджитализация жайлы әдемі статистика қағаз жүзінде ғана екеніне көзіміз жетті. Халықта - смартфон, ауыл-аймақта - интернет жоқ, қайдағы қашықтан оқыту жайлы әңгіме болуы мүмкін. Жарайды, оны қоя берші, кейбір кісілер мегабайтқа ақша қайдан табамыз дейді.

Бұл саланы сырттай бақылап, көпіртіп пост жазатын қатардағы Фейсбук қолданушысы емес, ситуацияны реальный түсінетін білікті маман және онлайн білімнің бел ортасында жүрген онлайн кәсіпкер ретінде жанайқайымды жазып отырмын. Біреу біреуге сенетін заман емес, әр азамат өз-өзін оқытатын уақыт келді. Үйдегі балаларыңызды өздеріңіз оқытыңыздар. Өйткені өзіңізден басқа біреу келіп, балаңызға жанашырлық танытып, сапалы білім беретініне сенбеймін.

Әлеуметтік желілердің статистикасын жиі бақылаймын. 2019 жылдың жазында сол жақтағы Фейсбуктағы қазақстандық қолданушылар туралы айтқам. Ал енді 5 айдан кейін 7.5 млн адам қосылғаны сұмдық өсім. Қыркүйекте аяқ астынан қазақстандық Фейсбукта 8.2 млн адам болып кеткен. Бір айда 6.5 млн аккаунт қайдан қосылған?! Бот ферма бұндай көлемде істеу мүмкін емес. Меніңше, PubG сияқты онлайн ойындарға Фейсбук арқылы кіру көбейген немесе статистикада бір қателік кеткен. Таза табиғи бұндай өсуге сенбеймін, өйткені халық арасында Фейсбук қатты танымал емес.

Фейсбуктағы коммент қарын тойғызбайды - Нұрлан Жанай


Айтайын дегенім, бұл жердегі коммент қарын тойғызбайды, лайк тамақ болмайды, онлайн достар басыңа күн туғанда, удалить ете салады. Сол үшін көштен қалмауға әлі де шанс бар! 5000-10000 теңгеден бастап, Фейсбук пен Инстаграмдағы бизнес пен сауданы, онлайн білім беруді жеке өзімнен меңгеріңіздер. Онлайн кәсіпті үйрету 10-15 есе қымбат. Алайда нәтижесі де соған сай.".

Нұрлан Жанай, блогер, IT маманы

Facebook парақшасынан.
Автор: Нұрлан Жанай -
Просмотров материала: 0